Ұлан ауданында жыл басынан бері 4 көлік өртенген
Фото: gov.kz
Ұлан ауданында жыл басынан бері 4 көлік өртенген.
ШҚО ТЖД көліктің өртенуінің алдын алу үшін бірқатар нұсқама жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ұлан ауданында тіркелген 4 деректің негізгі себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы, жану қаупі жоғары агрегаттарды қолдану кезінде қауіпсіздік талаптарын орындамау.
ШҚО ТЖД көлік иелеріне өрттің алдын алу үшін сымдардың сапасы мен ақауы жоқтығын тексеріп, көлікті техникалық тексеруден өткізу керектігін, өрт сөндіргішті қолжетімді жерге қою және гаражға 20 литрден артық бензин мен 5 литрден артық май қоймау қажеттігін, электр дәнекерлеу және бояу жұмыстарын жүргізбеу керектігін ескертті.