Өскеменнің дамуына үлес қосқан тұрғындар марапатталды
Өскеменде қаланы дамытуға айтарлықтай үлес қосқан тұрғындар марапатталды.
Қала әкімі Жақсылық Омар Тәуелсіздік күні қарсаңында қала жұртшылығымен кездесу өткізіп, жыл бойына атқарылған жұмыстардың нәтижесімен бөлісті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
- Қаламыздың болашағына үздіксіз үлес қосып жүрген адамдармен қуана кездестім. Мұндай кездесуді қала күн қарсаңында өткізген болатынмын. Жыл соңында тағы бір мәрте жүздесуді жөн санадым. Көп адамның қаланың дамуына, оның прогрессіне белсенді қатысатынына тағы бір мәрте көз жеткіздім. Бұл Өскеменнің алдағы табыстары мен жетістіктеріне деген сенімді нығайта түседі, - деді қала әкімі.
Сондай-ақ шаhар басшысы мұндай кездесулерді дәстүрге айналдыру жоспарда бар екенін атап өтті.
Шара соңында бірқатар тұрғындарға «Өскемен қаласының дамуына қосқан айрықша үлесi үшiн» төсбелгісі мен Өскемен қаласы әкімінің Құрмет грамотасы табысталды.
Оқи отырыңыз
«Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы табысталдыӨскемен қаласы әкімідігі еңбек сіңірген азаматтарға медаль тапсырдыӨскемен қаласының әкімі нан зауытындағы нәзік жандыларды құттықтады Республика күніне орай маңызды мемлекеттік наградалар табысталды – ШҚОӨскеменде тұрақты донорларға құрмет көрсетілді