Жас сарбаздар ант берді - Өскемен

Өскемен қаласынының №49жалпы білім беру мектебіндегі «Жас сарбаздар» сыныбының оқушылары ант қабылдады.
Бойында патриоттық сезімді дамыту, жасөспірімдерді әскери қызметке баулу мақсатын көздейтін іс-шарада салтанатты түрде 96 оқушы «Отаны - Егеменді Қазақстанға адал қызмет етуге» ант берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Әскери антты қабылдау арқылы біз оқушыларға Қазақстан азаматтары үшін Қарулы күштер қатарында қызмет етудің маңыздылығын ұғындырып, бұл ерлікке баулитын өмір екенін, Отанды қорғау, елін, жерін сүю, құрметтеу, отансүйгіштік, ұлтжандылық, намыс-жігер, шыңдалу ұғымын терең түсіндіреміз, - деді «Жас сарбаздар» және «Жас құтқарушылар» сыныбының жетекшісі Жасұлан Бекболатұлы.
Ант қабылдау рәсімін ұйымдастыруға, оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді нақты іс-жүзінде қалыптастыруға 27943 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өз үлестерін қосты. Іс-шара ант қабылдаған шәкірттердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін орындаумен басталып, «Жас сарбаз» әнұранын орындаумен аяқталды.