KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОШ
471.83 505.66 5.4

Өскеменде «Музей түні» акциясы өтті

20.05.2024, 11:25 318 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығында жыл сайынғы «Музей түні» халықаралық акциясы өтті. Осы жылы акция «Алтай – аңыз-әпсаналар өлкесі» деген атау алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Іс-шара Қ. Қайсенов атындағы этносаябақтың мұражайы мен көрме ғимараттарында өтті. Қонақтар концерттерден бөлек, түрлі шығармашылық шеберлік сабақтарын, қолөнершілер жәрмеңкелерін тамашалап, тақырыптық экскурсияларға, ұлттық ойындарға, фольклорлық жиындарға қатыса алды. Сондай-ақ келушілер үшін сауда сөрелері мен тантамарескалар – этнобейнеде естелік фотосуретке түсуге арналған стендтер қойылған.

– Бұл іс-шара жыл сайын өткізіледі және халық арасында ерекше танымал. Түрлі ойындар, билер, әндер, қойылымдар ұйымдастырылады. Барлық іс-шаралар түрлі жастағы адамдарға арналған, – дейді музей-қорықтың директоры Арсен Тен.

Айта кетейік, «Музей түні» акциясы жыл сайын 18 мамырда аталып өтілетін халықаралық Музей күніне орайластырылған.

– Акция 1997 жылдан бері үлкен қалалардың тұрғындарына мұражайларды тегін көрсету үшін ұйымдастырылып келеді. Басқа елдерде қалыптасып кеткен мереке Қазақстанда да атала бастады, – деді қазақ этнографиясы ғылыми-зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері Ләйла Асылова.

Қала тұрғындары аталмыш мерекені асыға күткендерін айтып, өз эмоцияларымен бөлісті.

– Акцияға бірнеше рет қатысып келеміз. Жұмыс күндері уақыт тапшы болғандықтан, бүгін кешкі уақытымызды арнайы осы шараға арнадық. Ұлымызды бірге алып келдік, айналасына тамсана қарап жүр. Бізге бәрі ұнады, – деді Өскемен қаласының тұрғыны Дарья Бутенко.


 Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив