KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Тұрғындар арасында зияткерлік сайыс өтеді – Өскемен

Сурет редакция архивінен

4.06.2024, 09:46 143 Ләззат Қанатқызы

Бүгін облыс орталығында Рәміздер күніне арналған қалалық QUEST SIMVOL зияткерлік сайысы өтеді.

Қала әкімдігі Өскеменнің өресі биік жастары мен белсенді тұрғындарын сайысқа қатысуға шақырады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ойын шарты бойынша, 1 командада 3-5 қатысушыдан аспауы керек.

- Сайысқа кез келген қала тұрғыны мен қонақтары қатыса алады. Қаламыздың ең көрнекті жерлерін аралап, білімдері мен логикаларын сынап, тосын сыйлықтарға ие болуға мүмкіндік бар. Үздік 3 командаға бағалы сыйлықтар табысталады, - делінген хабарламада.

Зияткерлік сайыс бүгін сағат 14.00-де Арбатта басталады.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу