KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Өскеменде бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

26.07.2024, 17:18 151 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында "Жастарға жұмыс" жобасы аясында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Шараны "AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" Жастар қанатының ШҚОФ ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды  Altainews.kz сайты.

Шара жастарды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз азаматтарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту мақсатында ұйымдастырылды.

Үлбі металлургиялық зауыты, Өскемен титан-магний комбинаты, Қазпошта, «Восток молоко» және басқа да ірі кәсіпорындар 200-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды.

- Қазіргі күні мұғалімдер, тіл мамандары, техникалық мамандар, атап айтқанда сантехник, монтер сияқты мамандар сұранысқа ие болып отыр, - дейді "AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" Жастар қанатының төрағасы Қорлан Туғамбаева.

Жәрмеңкеде барлығы 20 адам жұмысқа орналасып, тағы 50 адам одан әрі сұхбаттасуға жолдама алды.

Фото: Аяужан Утеулинова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив