Өскемендегі «СпецЦОН» жаңа ғимаратқа көшеді
Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО филиалының баспасөз қызметі
26 тамыздан бастап Өскемендегі Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы азаматтарды жаңа мекенжайда қабылдайды: Самар тасжолы, 23/1.
Бұған дейін бұл ХҚКО Абай даңғылы, 203/3 мекенжайы бойынша жұмыс істеген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Жаңа орталықта мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Ыңғайлы автотұрақ бар. Мұнда теориялық емтихан тапсырып, жүргізуші куәлігін қайта рәсімдей аласыз. Жақында автодромды іске қосамыз, – деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» ШҚО бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Нұрлан Симбинов.
Орталықтың жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады. Дүйсенбіден жұмаға шекті 9-дан 18-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбіде 9-дан 13-ке дейін.
Айта кетейік, жыл басынан мамандандырылған ХҚКО 78 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, оның 63 мыңы – көлік тіркеу, 15 мыңы – жүргізуші куәлігін беру.
Оқи отырыңыз