Бас шаһарда батырлар күш сынасты
Өскемен қаласында грек-рим, еркін күрес, ММА бойынша бойынша «Ұлы дала батырлары» атты халықаралық жекпе-жек сайысы өтті. Оған бірқанша елдің білекті балуандары мен қазақстандық жауынгерлер қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының бас шаһарында өткен жауынгерлер сайысының құрметті қонаға ретінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2021 және 2022 жылдардағы әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері Шамиля Науханнұрқызы, Республиканың еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Мәдина Науханнұрқызы, Низа лигасының жеңіл салмақтағы чемпионы Диас Ергайпов қатарлы спорт мықтылары қатысты.
Балуандар 5 салмақ дәрежесі және 5 жас ерекшелігі бойынша сайысқа түсті. Ал ММА «Ұлы дала батырлары» халықаралық турнирі бойынша әртүрлі салмақ дәрежелерінде және 1 грепплинг бойынша, 2 белбеу үшін, 7 рейтингтік кездесу өткізді.
Спорттағы сайыпқырандар сайысына Өзбекстаннан 5, Тәжікстан 1, Бразилиядан 1 және Қазақстаннан 12 балуан қатысты.
Осылай қала күні қарсаңында Өскемен тұрғындары мықтылардың жекпе-жектеріне куә болып, жакуынгерлер сайысын тамашалап қайтты.