KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
516.93 542.52 4.98

Нотариустар мен адвокаттар автоматтандырылған режимде аттестациядан өтеді

Фото: Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

30.05.2023, 11:30 237

Қазақстанда жеке сот орындаушылары, нотариус және адвокаттар автоматтандырылған режимде аттестациядан өтеді.

29 мамырда Астанада жеке сот орындаушылары, нотариустар, адвокаттар, сот сарапшылары мен патенттік сенім білдірілген өкілдерді автоматтандырылған режимде аттестаттаудан өткізу бойынша пилоттық жобаның тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының реинжиниринг және Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Әділет министрлігі МҚІА, ЦДИАӨМ және "Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық" АҚ-мен бірлесіп аттестаттау үдерістерін реинжиниринг және автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізді. Жобаны тұтастай іске асыру процестің ашықтығын қамтамасыз етеді, мамандыққа қолжетімділікті арттырады, адами факторды жояды, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқартады және кандидаттың аттестаттаудан ыңғайлы уақытта өтуіне мүмкіндік береді", – деді ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев.

Министрдің айтуынша, ауызша комиссиялық сұхбаттасу кезеңі ситуациялық кейске ауыстырылды. Оларды өту үшін тиісті бағдарлама дайындалды. Бастапқы кезеңде Астана, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында жаңа тәсіл сынақтан өткізіледі. Пилоттық тәжірибе сынақтан өткеннен кейін ол елдің барлық аймақтарына енгізілетін болады.

Мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне үміткерлерді тестілеуді өткізудің оң тәжірибесін, сондай-ақ қазіргі заманғы тестілеу залдарының болуын ескере отырып, тестілеуді ұйымдастыруға арналған алаң ретінде "Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық" АҚ таңдалып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу