Қазақстан және Германия Президенттері қандай тақырыпта келіссөз жүргізді?

Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізді.
Президенттер қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Altaynews akorda.kz сайтына сілтеме жасап.
Президенттер саяси диалогты нығайтуға, сауда, экономика, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударған.
– Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында өзара іс-әрекетті жандандыру, мұнай және газ, жасыл энергетика, өнеркәсіп салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту маңызды екені атап өтілді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Келіссөздер достық рухында өтті және конструктивті әрі мазмұнды болды. Екіжақты экономикалық күн тәртібінің бірқатар бағыты бойынша ынтымақтастықты арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз
Қазақстан мен Сингапур президенттері келіссөздер жүргіздіҚазақстан Германияны энергиямен қамтуда айтарлықтай үлес қосып отырПрезидент Кореяның Сыртқы істер министрі Пак Чжинді қабылдадыҚасым-Жомарт Тоқаев пен Майкл Помпео телефон арқылы сөйлестіҚасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті