KZ
Өскемен
+1°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Астана тұрғындары жерлеу орнын онлайн таңдай алады

Фото: egemen.kz

20.07.2023, 13:13 308

Астанадағы зиратта жерлеу орнын онлайн режимде таңдауға болады.

zherleu.astana.kz сайтында қайтыс болған адамның аты-жөнін немесе ЖСН-ін жазуға болады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Көптеген тұрғындар жақындары, туыстарының бірі қайтыс болғанда қайда жүгіну керек деп сұрайды. Осыған байланысты біздің басқарма цифрландыру басқармасына ұсыныс енгізді. Бізде zherleu.astana.kz сайты жұмыс істейді. Бұл сайтта қайтыс болған адамның аты-жөнін немесе ЖСН-ін жазуға болады. Мұнда Денсаулық сақтау министрлігі, Ішкі істер министрлігі және ХҚКО базалары біріктірілген, яғни зираттағы орынды онлайн режимде таңдауға болады,  деді елордалық мәслихат отырысында дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов.

Платформаны әзірлеушілердің айтуынша, zherleu.astana.kz сайтында жерлеуге өтінім беру бойынша нұсқаулық бар.

ЭЦҚ немесе QR кодының көмегімен авторизациядан өту керек, содан кейін «Жерлеуге өтінім беру» батырмасын басу керек.

Содан кейін жерлеу орны мен күнін таңдап, байланыс мәліметтерін енгізу керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив