KZ
Өскемен
-7°
туман жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

124 спортшы допинг қолданғаны үшін спорттан шеттетілді

Фото: egemen.kz

21.07.2023, 11:09 1 106

2016-2020 жылдар аралығында допинг үшін 124 қазақстандық спорттан шеттетілді.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында жазылған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  "Допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 2016 жылы 14 спортшы 2 жылдан 4 жылға дейін, 2017 жылы 15 спортшы (оның ішінде 1 өмір бойына) және 1 жаттықтырушы, 2018 жылы 37 спортшы, 2019 жылы 44 спортшы, 2020 жылы 14 спортшы жарыстан шеттетілді. Дисквалификация кезеңінде спортшы мен жаттықтырушыға спорттық іс-шараларға және спорттық іс-шаралар шеңберіндегі оқу-жаттығу процесіне қатысуға рұқсат етілмейді", – деп көрсетілген құжатта допинг үшін спорттан шеттетілгендер саны.

Осыған байланысты министрлік Еңбек кодексіне дисквалификация уақытында спортшы мен жаттықтырушыны штаттағы қызметкерлер қатарынан шығару нормасын енгізуді ұсынып отыр.

  "Қазіргі уақытта құрама команданың мүшесі еңбек шарты негізінде штаттағы қызметкер саналады. Бұл ретте ҚР Еңбек кодексінде спорттық қызметтің ерекшелігін ескере отырып, оны бұзған жағдайдағы негіздер көзделмеген. Атап айтқанда, өмір бойына немесе 6 ай я болмаса одан да көп мерзімге спорттан шеттету кезінде спортшы мен жаттықтырушы да жұмыс істемейтіні белгілі. Алайда Еңбек кодексіне сәйкес, аталған негіздер еңбек шартын бұзу үшін негіз болып табылмайды", – деп ұсыныс жазылған консультативтік құжатта.

Бұған қоса, тиісті құжатта 2000-2021 жылдар аралығында Олимпиада ойындарында ұлттық құрама спортшылары жеңіп алған лицензия саны 111-ден 98-ге дейін қысқарғаны және оған қандай факторлар себеп болғаны жазылған.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу