Доллар бағамы қандай?
Фото: egemen.kz
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді.
KASE қор нарығындағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,24 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 445,89 теңге.
Ұлттық банктің 31 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 445,68 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,90 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 445,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 447 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 445 теңге, сатып алу құны – 449 теңге. Ресей рублі 4,84-4,98 теңге аралығында саудаланып жатыр.