KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
471.83 505.66 5.4

Бүгін 40 градусқа дейін ыстық күтіледі

Фото: egemen.kz

1.08.2023, 09:45 138

1 тамыз күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн райының құбылмалы сипаты сақталып, найзағай мен жаңбыр болжанды. Тек батыста, оңтүстік пен солтүстік-шығыста жауын-шашын болмайды.«Қазгидромет» дерегінше, барлық өңірде жел тұрады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақмола, Атырау облыстарында, Жетісу, Ұлытау, Абай облыстарында Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде 35-40 градус қатты ыстық болады.

Солтүстік Қазақстан облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысы мен орталығында өрт тұтанудың жоғары қаупі күтіледі.

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында өрт тұтану қаупі аса жоғары болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив