Неке қию көрсеткіші өсті
Фото: egemen.kz
Елімізде неке қию көрсеткіші өсті.
Бірінші кредиттік бюро дерегінше, кейінгі он жылмен салыстырғанда көрсеткіш әлі де төмен, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Биылғы жылдың II тоқсанында 29,3 мың неке тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1% немесе 1,7 мыңға артық. Аталған деректі Ұлттық статистика бюросы келтіріп отыр. Дегенмен көрсеткіш неке қию оптимизміне аса әсер етпейді. Биылғы сәуір-маусым аралығындағы неке қию саны – соңғы 10 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. 2020 жылдың II тоқсанындағы көрсеткіш тіпті аз болған (16,6 мың неке қиылды). Жағдайға пандемия әсер етті. Жалпы, 2014 жылдан елімізде неке қию көрсеткіші 20,4% немесе 7,5 мыңға қысқарды", делінген бюро хабарламасында.
Ақпаратта айтылғандай, неке қию өсімі өңірлерде жиі байқалады.
– Неке қиюдан жылдық өсім бойынша көш басында – Алматы облысы. Екінші орында – Қарағанды облысы. Керісінше, оңтүстіктегі 5 өңірде неке қию көрсеткіші азайған, оның ішінде Алматы қаласы да бар, – дейді бірінші кредиттік бюродан.
Оқи отырыңыз