KZ
Өскемен
+1°
снег жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Қоғамдық орында түкірген астаналықтардың айыппұлы 19 млн теңгені құрады

Фото: egemen.kz

12.09.2023, 21:23 187

Қоғамдық орында түкіргені үшін жыл басынан бері астаналықтарға 19 млн теңге айыппұл салынған.

Астана қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Арман Айтмағамбетов осындай мәлімет келтірген, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың ластануына байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіп келеміз. Әсіресе, қоғамдық орындарда және көшелерде түкірген азаматтарға назар аударылады. Жыл басынан бері түкіргені үшін 1 200 азаматқа 19 млн теңге айыппұл салынды. Бүгінде оның 5 млн теңгесі немесе 28% өндірілді, - деді Арман Айтмағамбетов БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Спикердің айтуынша, түкіру фактілері елордадағы базарлардың маңайында жиі тіркеледі. Арман Айтмағамбетов олардың барлығы бейнекамералардың көмегімен анықталып жатқанын жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив