KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 4 м/с, СШ
494.95 525.49 5.05

ШҚО-да ереже бұзғандарға 588 млн теңге айыппұл салынды

23.08.2022, 09:47 128

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзғандарға 588 миллион теңге айыппұл салған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Жеті ай ішінде 113 986 әкімшілік құқық бұзушылық болды. 70 890 айыппұл салынды. Айппұлдың жалпы сомасы – 588 миллион теңге – деді облыстық полиция департаментінің басшысы Серік Жүнісбеков.

Департаменттің деректеріне сүйенсек, қаңтардан бері 120 жол оқиғасы болған және 53 жаяу жүргінші зардап шеккен.

Дегенмен өткен жылғымен салыстырғанда өңірде жол ережелерін бұзу көрсеткіштері төмендегенін айта кетуіміз керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу