KZ
Өскемен
-17°
туман жел 1 м/с, В
509.75 594.67 6.46

Бір айда 300 келіге жуық есірткі тәркіленген

Фото: egemen.kz

1.11.2023, 12:35 376

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылғы қазанда есірткі бизнесіне қарсы бірнеше операция өткізді.

Синтетикалық есірткіні қолдан жасайтын 5 өндіріс және каннабис өсіруге арналған бір фитолабораторияның заңсыз жұмысы әшкере болды, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткі трафигінің 6 арнасының жолы кесілді.

Аталған арнайы операциялар барысында 23 күдікті ұсталды.

Заңсыз айналымнан 300 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ «синтетика» жасауға арналған 1 тоннадан астам химиялық прекурсор тәркіленді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу