KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Азаматтар мұнай-газдың өндірілген көлемін қадағалай алатын қосымша бар

Фото: egemen.kz

6.11.2023, 21:39 276

ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс ел азаматтары мұнай-газдың өндірілген көлемі туралы біле алатын телеграмм-канал барын айтты.

Вице-министр елдегі мұнай кен орындары, жанар-жанарғамай бекеттері, мұнай өңдеу зауыттары цифрланатынын, барлық ақпараттық жүйелер төрт позиция бойынша қаралып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Мұндай жүйенің Энергетика министрлігіне, басқа мемлекеттік органдарға, бизнес және азаматтар үшін пайдасы ескеріледі.

— Әрбір ақпараттық жүйенің өз бенефициарлары болады. Мысалы, мұнай-газды есепке алу жүйесінің бенефициары Энергетика министрлігі болып белгіленген. Мемлекеттік кірістер комитеті – бизнес субъектілерін камералық тексеру үшін бекітіледі және азаматтар тартылады. Өйткені камералық тексеру арқылы бюджетке ақша түсімінің тиімділігі жақсарады, бірақ кәсіпкерлік субъектілерінің өздері бұған мүдделі болмауы мүмкін, дегенмен олар заң жүзінде міндетті, - деді Бақытжан Ілияс.

Вице-министрдің айтуынша, қоғамдық бақылау үшін, көпшілікке қол жеткізу үшін ақпаратты қолжетімді ету жұмыстары жүргізілуде.

– Әлі де біраз адам білмеуі мүмкін, бірақ бізде ақпараттық-талдау орталығы бар, оның базасы бүгінгі күні аттестаттау-талдау орталығы болып қайта құрылды. Күн сайын мұнай мен газ өндіру көлемі жарияланатын телеграмм-канал бар. Тағы бір нәрсе – бұл ақпаратты азаматтарға жеткізу керек, - деп толықтырды вице-министр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив