KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Қазақстанның 727 мектебінде балалар қызылша жұқтырған

11.11.2023, 15:20 269 Назерке Каримова

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зауре Ахметова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қызылшаның таралуы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2023 жылдың басынан бастап ҚР-да қызылшаның 13 103 жағдайы тіркелді, оның ішінде 83% - 14 жасқа дейінгі балалар арасында, 2,9% - жасөспірімдер, 14,1% (1854) - ересектер. Қызылшаны жұқтыру жағдайлары барлық өңірлерде тіркелді, Шымкент қаласында жоғары деңгей байқалды - 2 283, Алматы қаласында - 2 217 жағдай, Жамбыл-1 605 жағдай, Алматы – 1215 жағдай және Атырау облыстары – 940 жағдай», - деді Ахметова.

Оның айтуынша, 1,5 мың бала вакцинациядан бас тарту себебінен вакцинацияланбаған.

«Бүгінгі таңда ҚР бойынша 727 мектепте қызылшаның 1444 жағдайы тіркелген. Бұл ретте алғашқы 72 сағат ішінде эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 2565 байланысушы адам екпе алды, сонымен бірге 1552 ата-ана балаларын вакцинациялаудан бас тартты, 538 баланың медициналық кейінге шегеруі бар. Сондай-ақ 1083 мектепке дейінгі балалар мекемесінде 1690 жағдай тіркелген, ошақтарда эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 1469 байланысушы адам вакцинациямен қамтылды, 1,5 мың бала вакцинациядан бас тарту себебінен вакцинацияланбаған, 936 баланың медициналық кейінге шегеруі бар», - деді ол.

Ахметова атағандай, қазіргі уақытта балалардың ата-аналары арасында да, қызылшамен ауырған адаммен тығыз байланыста болған 30 жасқа дейінгі адамдар арасында да эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациядан бас тартуды тіркеу орын алуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу