KZ
Өскемен
пасмурно жел 8 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Қызылша жұқтырудың 48 жағдайы тіркелді - ШҚО

Фото: zh-shugylasy.kz

30.10.2023, 17:28 305 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да науқастардан алынған қан сынамаларын зертханалық талдау нәтижесінде қызылша ауруы 48 тұрғында анықталған.

Науқастардың негізгі үлесі 14 жасқа дейінгі балалар құрайды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жалпы еліміз бойынша зертханалық расталған 10779 жағдай тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 9007 жағдай,  ересектер арасында – 1477 жағдай, жасөспірімдер арасында 295 жағдай тіркеліпті.

- ШҚО бойынша қызылшамен ауырған 48 жағдай зертханалық талдау нәтижесінде анықталды. 41 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында, 6 жағдай ересектер мен 1 жағдай жасөспірімдерде тіркелген, - деді ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.

Оның айтуынша, қызылша ауруы негізінен екпе алмағандардың арасында тіркелетін көрінеді.

- Мәселен, аталмыш ауруды жұқтырған 40 науқас қызылшаға қарсы екпе алмаған, 6 науқаста екпе алуы туралы деректері жоқ. Жүргізілген эпидемиологиялық тергеу нәтижесінде 27,1% немесе 13 қызылша науқасы Алматы, Атырау, Стамбул (Түркия) қалаларында және Тәжікстан елдерінде ауырып елге әкелгендер, - деп түсірді Сәуле Есенгелдіқызы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив