ШҚО-да 74 адам қызылша жұқтырды
10 қарашадағы мәлімет бойынша ШҚО-да қызылшаның зертханалық расталған 74 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.
Бүгінде аурудың қарқынды көрсеткіш деңгейі 10,1% құрайды. Мамандардың айтуынша, 2022 жылдың ұқсас кезеңінде қызылша аурушаңдығы тіркелмеген.
- Науқастардың негізгі үлесі 85,1% - 14 жасқа дейінгі балалар құрайды (63 жағдай), аурушаңдықтың үлесі 13,5% - ы ересектерде (10 жағдай) және 1,3% - ы жасөспірімдерде (1 жағдай). Сырқаттанушылық негізінен екпе алмаған адамдар арасында тіркелді, - дейді ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақыла департаментінің басшысы Қ.Тұрдиев.
Жүргізілген эпидемиологиялық тергеу нәтижесінде 17,6% немесе 13 қызылша науқасы Алматы, Атырау, Стамбул (Түркия) қалаларында және Тәжікстан елдерінде ауырып елге әкелгендер.