Конькимен жүгіруден ерлер құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді
Фото: BAQ.KZ
Қазір АҚШ-тың Юта штатында (Солт-Лейк-Сити) конькимен жүгіруден 4 құрлық чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты BAQ.KZ порталына сілтеме жасап.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, командалық спринтте еліміздің ерлер құрамасы күміс жүлдегер атанды. Алтай Жәрдембекұлы, Евгений Кошкин, Никита Важенин мен Артур Галиев (резервте) квартеті тек Канада құрамасынан 3,17 секунд қалып кетті. Үздік үштікті Оңтүстік Корея конькишілері түйіндеді.
Айта кетейік, биыл мұнда 8 мемлекеттен 80-ге жуық спортшы сынға түсіп жатыр.
Оқи отырыңыз