63 қазақстандыққа Ұлттық қордан 100$ алу мақұлданды
Коллаж: Kazinform
БЖЗҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріповтің айтуынша, «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы іске қосылған алғашқы 9 күнде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жүзден астам өтініш түскен, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Оның ішінде оқу ақысын төлеу үшін қаражатты пайдалануға 54 өтінім, тұрғын үй жағдайын жақсартуға 49 өтінім түсті.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, биыл Ұлттық қордан 304 815 бала ақшасын пайдалана алады. Оларды білім алу және тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қолдануға болады.
Айжанат Бақытқызы