KZ
Өскемен
-1°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

15-24 мамыр аралығында ШҚО-ға Астана мен Алматының білікті дәрігерлері келеді

14.05.2017, 18:00 164



Шығысқазақстандықтарға Астана мен Алматының білікті дәрігерлеріне қаралу мүмкіндігі туып тұр. 15-24 мамыр аралығында облысқа еліміздің басты екі шаһарында орналасқан ғылыми зерттеу институттарының мамандары келіп, науқастарды қабылдайды.

15-17 мамыр аралығында Ұлттық нейрохиругия орталығының мамандары Өскемен қаласындағы №1 қалалық ауруханада тәжірибе алмасады.

18-20 мамырда травмотология және ортопедия ғылыми зерттеу институтының қызметкерлері облыстық ауруханада шеберлік сыныптарын жүргізеді және жоғары технологиялы операциялар жасайды деп жоспарланған.

22-23мамырда А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығынан екі маман – жалпы хирург және қан тамыры хирургі келеді деп күтілуде. Алматылық дәрігерлер келушілерді диагностикалық орталықта қабылдайды.

Ұйымдастырушылардың түсіндіруінше, институт мамандарының қабылдауына жолдаманы жергілікті терапевт дәрігерден алу қажет.

Кәмәл Естай




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив