KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Өскемендік дәрігерлер бас сүйекті трепанацияламай миға күрделі ота жасады

13.02.2019, 04:12 183

Облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың нейрохирургтары Астанадан келген маманның басшылығымен сегіз адамға операция жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Өскеменде арнайы жұмыс сапарымен келген жоғары санатты нейрохирург Ербол Махамбетовтың басшылығымен бірнеше пациентке күрделі ота жасалды. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.


Мысал ретінде айтар болсақ, аталмыш ұжым облыс орталығының 32 жастағы тұрғынына үш сағаттан астам уақыт бойы операция жасаған. Пациентке мидың аневризмасы диагнозы қойылған екен. Мамандардың айтуынша, аневризма тамырларда нығыздалып қалғандықтан, операция жасау өте қиын болған.


– Барлық операциялар тіндерді кеспей және бас сүйекті трепанацияламай жасалды, – деп атап өтті Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Айта кету керек, бұған дейін мұндай операциялар еліміздегі ірі клиникаларда ғана жасалған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив