KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
503.35 590.63 6.62

Мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Фото: liter.kz

19.03.2024, 22:11 309 Айна Ескенқызы

Қазақстандық мектеп бағдарламасына психоактивті заттар мен вейптерді қолданудың алдын алу мақсатында өзгерістер енгізіледі.

Бұл туралы Білім вице-министрі Еділ Оспан мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Шенеуніктің айтуынша, министрлік жасөспірімдерді «нашақорлық, вейпинг, лудомания сияқты жағымсыз құбылыстардан» қорғағысы келеді.

- Білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысының жоспарларына полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен білім алушылар арасында түсіндіру-ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі шаралар енгізілген. Бұл жұмысқа 90 мың маман, сегіз мыңнан астам педагог-психолог және төрт мың әлеуметтік педагог тартылды, - деді Еділ Оспан орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.


 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу