KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,6 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Мектеп бағдарламасына тағы бір пән енгізіледі

23.05.2019, 11:10 175

Мектеп бағдарламасына «Кәсіпкерлік негіздері» атты пән енгізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың айтуынша, бұл іс Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүзеге асырылады.

Жоба осы оқу жылында 17 мектептен сынақтан өткізілген екен. Енді республикадағы орта білім беретін мектептердің барша 10-сынып оқушыларына оқытылады.

Вице-министр сөзінше, аталмыш жоба кәсіптік колледждер мен университеттерде де жақсы жолға қойылған. Болашақта кәсіп ашуды армандайтын оқушылардың стартап даярлауына осы пән көмектесіп жатыр. Мәселен, осы пәнді оқитын студенттер жасаған 241 жобаға инвестиция тартылған көрінеді.

Осындай жүзеге асқан стартап жобаларының арқасында елімізде 376 жұмыс орыны пайда болып, 27 миллиондай табыс түскен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив