KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 1,1 м/с, ОШ
502.57 591.68 6.42

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 24-25 сәуірде өтеді

Фото: egemen.kz

20.03.2024, 15:02 323 Айжанат Бақытқызы

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясын шақыру жөнінде өкімге қол қойды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Ассамблеяның күн тәртібі – «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу».

«Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясы 2024 жылғы 24 – 25 сәуірде Астана қаласындағы Президенттік орталықта «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» күн тәртібімен шақырылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын», – делінген өкімде.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу