KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 9 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

Тасқыннан соң қандай инфекция тарауы мүмкін?

Фото: denta-family.ru

18.04.2024, 20:10 59 Ержан Әбіш

Су тасқынынан кейін түрлі инфекция тарауы мүмкін. Олардың алдын алу үшін не істеу керек?

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпедимиологиялық бақылау комитетінің өкілі Ғазиз Надуевтың айтуынша, су тасқыны салдарынан адамдар арасында түрлі инфекция тарауы мүмкін. Әсіресе, жіті ішек инфекциясының тарау қаупі жоғары. Себебі үй-жайды, даладағы қораны, әжетхананы – барлығын су шайып кетті. Қазір су астында түрлі жануардың өлексесі, қоқыс пен қалдық жатыр. Ал лас суда түрлі химикат, паразит, бактерия, вирус бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Baribar.kz сайтына сілтеме жасап.

– Су кеткен соң үйіне оралған адамдар тазалыққа аса мән бермесе, жіті ішек инфекциясымен ауруы мүмкін. Мұны әдетте «лас қол ауруы» деп атайды. Ішек инфекциясы ауыз су, тағам арқылы жұғады, – дейді маман.

Су басқан аймақтардың жергілікті атқарушы органдарына тапсырма берілді. Олар даладағы әжетханаға жиналған суды толық сорады, ішін дезинфекциялайды. Аман қалған үйлердің ішін кептіріп, тазалап, дезинфекциялайды.

Дегенмен маман азаматтарға су тасқынынан соң ескеру керек бірнеше кеңес айтты:

Жергілікті органдар үйді, әжетхананы дезинфекциялап тазаламайынша онда кірмеген жөн.

Қолды үнемі мұқият жуып тұру қажет және антисептик қолданған абзал.

Даладағы құдық суын уақытша тұтынбаған дұрыс. Жергілікті органдар ондағы судың құрамын әлі тексереді. Тексеріп болып, бәрі дұрыс екеніне көз жеткізген соң ғана ондағы суды қолдану керек. Ал оған дейін адам бөтелкедегі таза суды немесе қайнатылған суды ішу керек.

Су басқан үйде қалған киім-кешектің бәрін жуып, кептіріп қана қолдану керек.

Дене қызып, іш өтсе, дәрігерге бару қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив