Елімізде «Бірге салайық!» жобасы іске қосылды
Фото: depositphotos.com
Елімізде «Бірге салайық!» жобасы жұмыс істей бастады. Ол су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы тұрғын үй құрылысына және инфрақұрылымды қалпына келтіруге жұмыссыз азаматтарды тартуға бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, қазір платформада 42 бос жұмыс орны бар. Құрылыс компаниялары ұсынатын бос жұмыс орындарын Электрондық еңбек биржасынан көруге болады.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы «Бірге салайық!» жобасы шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыруды сүйемелдеу жөніндегі платформа әзірледі. Бұл Enbek.kz электрондық еңбек биржасындағы жаңа модуль болады. Осында кез келген адам бос орындармен танысып, өзіне ұнаған кез келгеніне ынта білдіріп, әңгімелесуден өте алады.
Естеріңізге салсақ, тасқыннан Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары зардап шекті.