KZ
Өскемен
+30°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
474.83 515.38 5.5

Еліміздегі орташа жалақы – 382 279 теңге. Ол қалай есептеледі?

фото: depositphotos.com

15.05.2024, 09:48 117 Ержан Әбіш

2024 жылғы бірінші тоқсанда республика бойынша орташа жалақы 382 279 теңге болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың алғашқы тоқсанына қарағанда өсім – 2,7%.

Ал, өңірлерде 2023 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың I тоқсанында орташа айлық жалақының ең көп өсімі Батыс Қазақстан облысында (18,2%), Алматы қаласында (16,4%), Ақтөбе облысында (16,1%), Павлодар облысында (15,9%) байқалған.

– Жалақының орташа мөлшері бір еңбеккер жалақысының қосымша ақыларының, үстемеақыларының, сыйақыларының, салықтарының және зейнетақы аударымдарының барлық түрлерін ескере отырып көрсетіледі. Ол жалақы қорының сомасын кәсіпорындардағы еңбеккерлердің нақты санына бөлу арқылы есептеледі, – деп ескертеді Ұлттық статистика бюросы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив