ШҚО еңбекақы деңгейі бойынша алтыншы орында тұр
2023 жылғы 4 тоқсанда облыста жұмыскерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы (шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) 373 мың 984 теңгені құрады. 2022 жылғы 4 тоқсанға қатысты алғандағы өсім қарқыны 15,5%-ды құраған деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өткен жылғы сәйкес кезеңге қатысты алғандағы нақты жалақы индексі 104,5%-ды құрады. Республиканың басқа өңірлерінің ішінде 2023 жылғы 4 тоқсанда еңбекақы деңгейі бойынша біздің облыс алтыншы орынды иеленді.
Статистердің мәліметтерінше, 2023 жылғы 4-тоқсан қорытындысы бойынша облыста орташа айлық жалақының мөлшері өткен тоқсанмен салыстырғанда 18,1%-ға (3 тоқсанда 316 667 теңге) артқан. 4 тоқсанда орташа айлық жалақының өсуі жыл аяғында сыйлықақы, үстемақы, өтемақы және біржолғы төлемдерді есептегенде еңбекақы қорының ұлғаюымен байланысты болып отыр.
Жанаргүл Мұқатай