KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

ШҚО жол жөндеу жұмыстары басым өңірлер қатарына кірді

Фото: depositphotos.com

11.06.2024, 21:14 150 Ләззат Қанатқызы

Биыл жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу жұмстарының басым бөлігі Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асырылады.

Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

- Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу жұмстарының басым бөлігі Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Қостанай облысында 823 км жол, еліміздің шығыс аймағында — 383 км, Ақтөбе облысында — 381 км, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында сәйкесінше 358 км және 283 км жолды жөндеу жоспарда бар, — деді министр.

Марат Қарабаев жол жөндеу жұмыстары көлік инфрақұрылымын жақсартуға және жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Өз кезегінде бұл шаралар елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға ықпал етпек. 

Құрылыс барысында жолдардың беріктігін арттыру үшін озық технологиялар мен материалдар қолданылып жатқанын атап өткен жөн.

Автомобиль жолдары комитетінің ақпараты бойынша, жөндеу жұмыстары жоғары сапаны қамтамасыз ететін заманауи стандарттарға сәйкес жүргізіліп жатыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу