KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 1 м/с, С
474.09 514.01 5.48

Мемлекет басшысы «Казцинк» компаниясын марапаттады

19.06.2024, 20:06 126 Ләззат Қанатқызы

Мемлекет басшысы су тасқынымен күрес шараларына белсене атсалысқан ел азаматтарын марапаттады. Марапатқа ие болғандар қатарында еліміздегі түсті металлургия саласындағы көшбасшылардың бірі «Казцинк» компаниясы да бар.

Ел Президенті ең алдымен, бұл бұрын ешқашан болмаған ең жойқын табиғи апат екенін атап өтті. Қазақстанның 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. Жалпы, ел көлемінде 19 мыңнан астам тұрғын үйді су басты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

- Сын сағатта еліміз ырысты ынтымағын танытты. Біз табиғи апат кезінде жұрт болып жұмылдық. Біртұтас ел екенімізді көрсеттік. Құтқарушылар, әскерилер, ішкі істер органдары мен әкімдік қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеді. Олар Отан алдындағы парызын мінсіз атқарды. Бір сөзбен, антқа адал болды, – деді Мемлекет басшысы.

Айта кету керек табиғат апатынан зардап шеккен халыққа қол ұшын беруде «Казцинк» компаниясы аяып қалған жоқ. Қираған үйлерді қалпына келтіруге кәсіпорын тарапынан 6,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.

- Бүгінгі алған марапат компания еңбегінің еленген деп білемін. «Казцинк» компаниясы бұл жолы ғана емес, үнемі халықпен бірге. Қиын кезеңде де, қуанышта да көмек көрсетуге тырысамыз. Бірқатар аймақтар су тасқынынан зардап шеккенде тек қаржылық қолдаумен шектеліп қалған жоқпыз, біздің еріктілерде қолдан келген көмекті аяған жоқ. Оларға ерекше алғыс айтамын. Осы орайда Шығыс Қазақстанда қарғын су қаупінің алдын алу үшін орасан зор жұмыстар жүргізілгенін айта кеткен абзал. Жергілікті атқарушы органдардың, ТЖД қызметкерлері мен кәсіпорындардың бірлескен жұмысы нәтижесінде қауіптің беті қайтарылды, - деді «Казцинк» компаниясының бас директоры Жанат Жанботин.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив