KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
479.38 531.63 5.27

Париж-2024: Қазақи нақыштағы кәдесыйлар әзірленді

Фото: ҚР ҰОК

16.07.2024, 12:22 93 Ержан Әбіш

Париж қаласында өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының басталуына бүгін тура он күн қалды. Аталған төртжылдық басты додаға Қазақстан құрамасы 25 спорт түрінен 80 жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Осыған орай Ұлттық олимпиадалық комитеті Париждегі Олимпиада ойындарына арнап еліміздің мәдени ерекшеліктерін айшықтайтын белгішелер дайындады. Дайындалған әрбір бұйым қазақтың ұлттық ою-өрнегімен безендірілген.

Естеріңізге сала кетейік, қазір төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған спортшыларымыз соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 80 жолдама жеңіп алды.

Нақтырақ айтсақ, олар бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен сынға түседі.

XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығына белгіленген.

Ойынға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады.

Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив