KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1,2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Білім гранты: қандай құжаттар тапсыру керек?

Фото: alau.kz

20.07.2024, 12:00 116 Назерке Каримова

Білім беру гранттарының конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау жалғасып жатыр. Осы орайда Ғылым және жоғары білім министрлігі толыққанды мағлұмат ұсынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Құзырлы ведомство 13 шілдеде басталған білім беру гранттарының конкурсына құжат қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары демалыс күні де жалғастырып жатқанын нақтылайды.

Құжаттарды кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады. Сонымен қатар білім беру гранттарын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.

“Отандық жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін талапкерлер жеке бас куәлігін, ҰБТ сертификатын, 3×4 фотосурет пен орта білім туралы аттестатты (ТжКБ ұйымдарының түлектеріне арналған диплом), сондай-ақ жеңілдік санаттары бойынша гранттар конкурсына қатысу үшін басқа да растайтын құжаттарды ұсынуы қажет", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2024-2025 жылдарғы оқу жылдарында бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Гранттардың басым бөлігі "Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары" білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 19 344 грантты құрайды. Ал "Педагогикалық ғылымдарға" – 13 735 грант, "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" саласына – 10 903 грант, "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" бағытына – 8 288 грант тиесілі. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу