KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
477.45 527.1 5.24

Білім гранттары байқауына өтініш 13 шілдеден бастап қабылданады

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

6.06.2024, 22:35 107 Айжанат Бақытқызы

Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша талапкерлерден білім грантына құжат қабылдау 13 шілдеде басталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, талапкерлер өтінішін EGov арқылы онлайн форматта немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта тапсыра алады.

«Шалғай өңірлерден келген талапкерлерге ыңғайлы болу үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді. Олар бейнебайланыс арқылы кеңес береді және конкурсқа құжаттарды тапсыруға көмектеседі. Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ең төменгі ұпайлар Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жазылған», – делінген хабарламада.

Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 112 мың грант бөлінген. Оның 79 мыңға жуығы бакалавриат бөлімінде білім алуға арналған.

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін қажет құжаттар:

  • жеке куәлік;
  • ҰБТ сертификаты;
  • 3×4 көлеміндегі фото;
  • орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру  ұйымдарының түлектері үшін диплом);
  • № 075/у нысанындағы медициналық анықтама және № 063/у нысанындағы профилактикалық екпелер картасы;
  • ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі;
  • жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив