KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Пәтерде тұрғындарды шектеусіз тіркеуге тосқауыл қойылмақ

Фото: depositphotos.com

11.09.2024, 17:01 59 Ержан Әбіш

Пәтерде тұрмайтын адамдарды тіркеуден шығармағаны үшін тұрғын үй иесіне айыппұл екі есеге өседі. Бұл норма бүгін Парламент Мәжілісінде таныстырылған елорданы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелеріне арналған заң жобасында қамтылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

– Қазіргі кезде халық ірі қалаларға көшіп келуге тырысады, бұл үрдіс пәтерлерде тұрғындардың санын шектеусіз тіркеу проблемасына алып келді. Көбінесе тұрғын үй иелерінің өздері көші-қон заңнамасын бұзуға жол береді, үйінде тұрмайтын азаматтарды белгілі бір төлем үшін тіркейді. Мәселен, Астана қаласындағы пәтердің бірінде 800-ден астам адам тіркелген, – деді Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков.

Осы мәселені шешу мақсатында «Астана мәртебесі туралы» заңға тұрғылықты жері және елорда аумағында уақытша болатын жері бойынша тіркеу нормативін бекіту жөніндегі мәслихаттың құзыретін кеңейту, «Халықтың көші-қоны туралы» заңға Астана аумағында белгіленген нормативтерден артық тіркеуге тыйым салу бойынша өзгерістер енгізу ұсынылды.

– Бұл ретте, тіркеу нормативтері тұрғын үйдің меншік иесі жұбайын және жақын туыстарын тіркеген кезде қолданылмайды. Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу аясында тұрғын үйлерде тіркелген және тұрмайтын жеке адамдарды тіркеуден шығармағаны үшін тұрғын үй иесіне айыппұлды 2 есеге ұлғайту (10 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін) ұсынылды, – деді вице-министр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив