KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Енді легионерлерге бюджеттен қаражат берілмейді

depositphotos.com

21.10.2024, 19:00 112 Ержан Әбіш

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы спорт саласына қатысты сүйінші жаңалықты айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

­– Бізге жақсы жаңалық келіп жетті. Қазақстанда жүрген легионерлерге, шетелдік спортшыларға бюджеттің ақшасынан және квазимемлекеттік сектордың, мысалы, Самұрық-Қазына сияқты қорлардың ақшасынан бір тиын да берілмеуі керек деген норманы заңға енгіздім. Жұмыс тобында әріптес-депутаттар қолдады. Енді Үкіметтен тиісті қорытынды келді. Бұдан былай легионерлерге квазимемлекеттік сектордан да, бюджеттен де бір тиын да берілмейтін болды. Депутаттар дауыс берді, – деп айтты депутат жаңалығын.

Нартай Аралбайұлы халықтың ақшасы, бюджеттің ақшасы тек халықтың, Қазақстан азаматтарының игілігіне жұмсалуы керегін айтты.

– Оған қоса спорттағы қаражаттар жоғары жетістіктері бар спортқа беріледі. Оның ішінде басым спорт түрлеріне. Яғни бюджет қаржысы 180 спорт түрінің бәріне берілмейтін болды. Ақша салатын спорт түрлері – бұл Олимпиада, Азиада, Пара Азияда, Сурдолимпиада, Паралимпиада тізіміне енген спорт түрлері, – деп түсіндірді ол.

Айтуынша, оған қоса қаржы балалар жаттығатын мемлекеттік спорт ұйымдарына және бұқаралық спортқа бөлінеді.

– Яғни ақша тиісті салаға беріледі. Мемлекеттің ақшасы бұрынғыдай оңды-солды шашылмайды, – деп айтты Мәжіліс депутаты.

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

жоғары жетістіктер спорты, оның ішінде спорттың басым түрлері;

мемлекеттік спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;

бұқаралық спорт;

спорттық инфрақұрылымды дамыту.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу