KZ
Өскемен
-13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Депутаттар спорт саласында жоғары жетістікке жеткен түлектерді ҰБТ-дан босатуды ұсынды

12.04.2019, 03:48 106

Депутаттар спорт саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген түлектерді ҰБТ-дан босатуды ұсынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы спорт саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген оқушыларды ҰБТ тапсырудан босату тетігін қарастыру туралы ұсыныс жасады. Оның айтуынша өнер және спорт саласында білім алып, халықаралық деңгейде жоғары жетістіктерге жеткен колледж түлектері жоғары оқу орындарына түсу кезінде ҰБТ-да төмен балл жинап, мемлекеттік білім грантын ала алмай қалады.

 

Айталық елімізде өнер саласында 7 колледж бар, оны жыл сайын 600-ден астам түлек тәмамдап шығады. Ал спорт саласында 5 арнайы колледж бар.  Олар жылына 200-ге жуық түлек шығарады. Түлектердің 60-70%-ы ЖОО-ға құжаттар тапсырады, бірақ мемлекеттік грант ала алмайды екен.

 

– 2018 жылы дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша 450 грант бөлініп, 2353 өтініш берілді. Өтініш бергендердің ішінде 1222 спортшы болды, бірақ байқау қорытындысы бойынша соның тек 107-сі ғана грант алды. Нәтижесінде жүздеген спортшы – әртүрлі жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері, 11 халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 50 спорт шебері, 300-ден астам спорт шеберіне үміткер жас мемлекеттік гранттан құр қалды, – деп атап өтті депутат.

 

Осыған байланысты Мұрат Бақтиярұлы спорт саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшы-түлектерді ҰБТ-дан босату тетігін қарастыруды ұсынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу