Диқандар 5 пайыз мөлшерлемемен жеңілдетілген несие ала алады
gov.kz
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының айтуынша, дәнді дақылдар түсімі биыл гектарына 16 центнерді құрады. Бұл көпжылдық орташа көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары.
Сондай-ақ Үкіметке Азық-түлік корпорациясы арқылы шаруалардан астық сатып алуды тапсырды. Президенттің айтуынша, бұл нарықтағы бағаны ұстап тұру үшін керек.
Көктемгі егіс пен күзгі жиын-терін жұмыстарын дер кезінде қаржыландыру – мол астық жинаудың кепілі. Жыл сайын төлемдерді кешіктіру салдарынан шаруалар егін егу барысында көп қиындықты бастан өткереді.
Сондықтан Президенттің тапсырмасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарына бөлінетін жеңілдетілген несие биылғы желтоқсан айынан бастап берілетін болады. Соның нәтижесінде диқандар жанар-жағармайды, қосалқы бөлшектерді, басқа да қажетті тауарлар мен қызметтерді уақытында сатып ала алады.