KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Көктемгі дала жұмыстарына бөлінген қаржы неліктен игерілмеді?

23.07.2024, 12:26 146 Қуаныш Рахметоллаұлы

Диқандарға қолайлы «Кең дала-2» бағдарламасына республика бойынша бүгінге дейін 300-ден астам кәсіпкер қатысқан. Оның отыз бесі – біздің өңірдің диқандары.

«Кең дала-2» бағдарламасы бойынша көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыруға биыл ел бойынша 140 миллиард теңге бөлінген. Жеңілдетілген несиені «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдарынан, екінші деңгейлі банктерден, кредиттік серіктестіктерден, микроқаржы ұйымдарынан және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен өңірлік инвестициялық орталықтар арқылы алуға болады.

Қарыз алушылар үшін жеңілдетілген жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5 пайыз деңгейінде болады. Бұған дейін фермерлер пайыздық мөлшерлемені қысқарту үшін және субсидия алу үшін жергілікті жерлердегі ауыл шаруашылығы басқармаларына жүгінуге, жаңа міндеттемелерге қол қоюға, қаржының бөлінгенін күтуге мәжбүр болған. Кепілге қоятын мүлік іздеп қажет емес, қарыз сомасының 85 пайызын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдендіреді.

«Ағымдағы жылдың мамыр айында Республикалық бюджеттен «Кең дала 2» несиелеу бағдарламасы аясында Шығыс өңіріне 10 миллиард теңге бөлінді. Несие қаражаты көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге айналым қаражатын толықтыруға арналған. Кредиттер түпкілікті тұтынушы үшін жылдық 5%-бен беріледі. Ағымдағы жылдың 19 шілдедегі жағдай бойынша 35 фермерге 3 миллиардттан астам теңге бөлінді. Қаражаттың игерілмеу себептерінің бірі, көктемгі егіс жұмыстарының аяқталу кезінде түсуіне байланысты болып отыр», - деді  несиелеу бөлімінің басшысы Жарас Абықанов.

Аталған кредиттік қаражаттың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға жергілікті бюджеттен 2,185 миллиард теңге, қарыздарға кепілдік бергені және сақтандырғаны үшін «Даму» Қорының комиссиясын субсидиялауға 1,239 миллиард теңге бөлінді.

Қаржыландыру жоғары сапалы жұмыстарға, соның ішінде топырақты дайындауға және ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсетуге, қажетті материалдарды, тұқымдарды, тыңайтқыштарды сатып алу үшін қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив