Аймақтық экономиканы және ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде
Бүгін Мемлекет басшысы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында жыл қорытындысын жасап, ел дамуының нәтижелерін ашық талқылап, 2024 жылғы оқиғаларға баға берді. Материалды осындай форматта ұсыну біз, Қазақстан азаматтары үшін, мемлекет дамуының бағыттары мен келешегін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және тұрақты, ілгерінді дамуға жол ашады.
Президент Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екенін атап өтті. Біз мұны Үкіметтің бірқатар әлеуметтік бағдарламалар бойынша қабылдаған шешімдерінен анық көріп отырмыз: зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және азаматтық қызметкерлердің жалақысы көбейтілді, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында төлемдер беріле бастады. Еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа мектептер, балабақшалар және дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынып жатыр. Шетелдің беделді жоғары оқу орындарының бөлімшелері ашылды, бұл біз, жоғары білім беру жүйесінің қызметкерлері, тарапынан толық қолдау табуда. Мұндай қадамдар халықаралық ынтымақтастықтың дамуына, озық халықаралық тәжірибелердің қазақстандық жоғары оқу орындарына енуіне ықпал етеді. Нәтижесінде, еліміздегі университеттер әлемдік рейтингтерде жоғары орындарға ие болып, шетелдік студенттер үшін тартымды болуда.
Ғылымды қаржыландыру көлемі артты, қазақстандық ғалымдарға елеулі қолдау көрсетілуде. Әсіресе, қазақстандық ғылымның әлеуетін арттыруға, әлемдік деңгейдегі ғылыми зертханалар құруға, жас ғалымдардың стартаптарын дамытуға және ғылыми өнімдерді коммерцияландыруға бағытталған жұмыстар қарқынды іске асырылып жатыр. Сонымен қатар, ғалымдар мен аймақтық бизнес, кәсіпорындар арасында тұрақты байланысты қалыптастыруға барлық жағдай жасалған. Аймақтық экономиканы және ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Мұндай интеграция инновацияларды елдің әр аймағындағы өндірістерге белсенді енгізуге мүмкіндік береді.
Осының барлығы – экономиканың және мемлекеттің адами капиталының жасампаздық әлеуетін нығайтуға арналған маңызды инвестициялар.
Фото: пікір білдірушіден
РОВНЯКОВА ИРИНА ВЛАДИМИРОВНА
ШҚУ Басқарма төрағасының орынбасары – стратегиялық даму
және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор