KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Елімізде «Әлеуметтік әмиян» жобасы жүзеге асырылады

фото: depositphotos.com

2.09.2024, 15:52 117 Нұржан Кенжеұлы

«Әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға қолдау көрсету – өте маңызды міндет». Бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. 

– Әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға қолдау көрсету – өте маңызды міндет. Сондықтан мемлекет әлеуметтік шығыстарды біртіндеп ұлғайтып жатыр. Қазір бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға жұмсалады. Балалы отбасыларды қолдау үшін сәби күтіміне өтемақы төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзарды. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға биылдан бастап арнайы төлемдер беріліп жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» ауқымды жобасы іске қосылды. 7 миллион баланың есепшотына Ұлттық қордың табысынан жалпы сомасы 300 миллиардтан астам теңге аударылды. Дегенмен қазір мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген кезде азаматтардың нақты табысы ескерілмей жатқанын мойындау қажет. Басқаша айтсақ, әлеуметтік қолдауға мүлде мұқтаж емес ауқатты отбасылар да мемлекеттен көмек алады. Мұндай жайттар аз емес, – деген Президент мемлекеттік қолдау шын мәнінде мұқтаж адамдарға көрсетілуі қажет екенін қадап айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы халықты қолдау тәсілдерін жетілдіре түсу маңызды екенін айта келе Үкіметке алдағы жылдың басынан «Әлеуметтік әмиян» жобасын жүзеге асыруды тапсыратынын да жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу