KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 4 м/с, З
512.83 600.58 6.36

Әйел құқығы мен бала қауіпсіздігі: Жаңа заңдардың ықпалы

pexels.com

23.01.2025, 19:00 696 Төлеуғазы Жансая

Қазақстанда қабылданған жаңа заңдардың әйелдер құқы мен бала қауіпсіздігіне әсері туралы Ішкі істер министрлігі өз түсініктемесін берді. Соңғы 6 жылда ұйымдастырылған құқықтық және іс-шаралар нәтижесінде әйелдерге қатысты жасалған қылмыстар саны айтарлықтай төмендеген, - деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі inform.kz порталына сілтеме жасап.

2019 жылмен салыстырғанда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық қылмыстары 48%-ға азайып, олардың саны 2 947-ден 1 511-ге дейін төмендеді.

Кісі өлтіру мен денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмыстары да 27% және 25%-ға қысқарған. Ал орташа ауырлықтағы дене жарақаттарын салу жағдайлары 22%-ға азайған. Бұл нәтижелер Қазақстандағы заңдық өзгерістер мен құқық қорғау органдарының қабылдаған шараларының оң әсерін көрсетеді.

Министрліктің мәліметі бойынша, осындай өзгерістер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған нақты қадамдардың нәтижесі болып табылады, бұл өз кезегінде әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін арттыруға ықпал етуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу