KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
487.24 529.34 5.02

Өскемен прокуратурасы: Ауыр қылмыстар азайып келеді

depositphotos.com

16.10.2024, 16:30 64 Ержан Әбіш

Өскемен қаласы прокуратурасының мәліметінше, қалада қасақана және абайсызда адам өлтіру қылмыстарының саны азайды. Алайда, тұлғаға қарсы жасалатын зорлық-зомбылық қылмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Мұндай қылмыстардың басым бөлігі, соның ішінде кісі өлтіру фактілері, тұрмыстық жанжалдар мен мас күйде жасалған. Биыл алкогольдік және есірткілік мас күйде жасалған қылмыстар саны тұрақты өсіп отыр (биыл 172 факт тіркелсе, былтыр 141 факт болған).

Қала прокуратурасы полиция органдарымен бірлесе отырып, қылмыстың алдын алу шараларын тұрақты түрде жүргізуде. Олардың қатарында қылмыс жасауға бейім тұлғалар мен шартты түрде сотталған азаматтарға қатысты пробациялық бақылау режимін сақтау бойынша тексерістер бар.

Сондай-ақ жергілікті полиция қызметімен бірге алкоголь өнімдерін тәулік бойы сататын дүкендерге рейдтер ұйымдастырылуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив