KZ
Өскемен
-32°
туман Штиль
511.18 530.6 5.28

Ауыл шаруашылығы санағы өтеді

pexels.com

4.02.2025, 16:00 370 Төлеуғазы Жансая

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1248 қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы санағы — елдің экономикалық қауіпсіздігінің кепілі болып табылатын азық-түлік кешенінің жай-күйі туралы толық ақпарат жинауға және тиімді агроөнеркәсіптік саясатты дамытуға арналған маңызды шара. Санаққа ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер: кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары, сондай-ақ қосалқы шаруашылықтар қатысады.

Бұл санақ елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастырудағы, отандық агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы әрбір қатысушының рөлін анықтайды. Оған жеке қосалқы шаруашылық иесінен бастап ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына дейінгі субъектілер кіреді.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша біздің облыста 811 ауыл шаруашылығы кәсіпорны, 296 жеке кәсіпкер, 9,1 мың шаруа немесе фермер қожалығы, 120,9 мың жеке қосалқы шаруашылық тіркелген. Сонымен қатар, 322 бағбандық және саяжай бірлестіктері мен серіктестіктер бар.

2024 жылғы 21 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, санақты ұйымдастыруға жәрдемдесу үшін өңірлік комиссия құрылды.

— 2024 жылдың үшінші тоқсанында пилоттық санақ өткізіледі. Ол Ұлан және Глубокое аудандарында, сондай-ақ Шемонаиха қаласында ұйымдастырылады. Пилоттық санақтың мақсаты — санақ сауалнамаларын, әдістемелерін, ақпараттық жүйелерді және бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу, дала жұмыстарын ұйымдастыру, бюджетті бағалау, интернетпен қамтылу сапасын тексеру және интернет болмаған жағдайда жүйелердің жұмысын сынақтан өткізу, — дейді Ұлттық статистика бюросының ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ерназ Нұрланов.

Санақтың негізгі кезеңі 2025 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында қалалық жерлердегі саяжай учаскелері мен жеке қосалқы шаруашылықтарды алдын ала аралау арқылы (интервьюерлердің қатысуымен) өткізіледі.

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу