KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
506.43 522.43 5.28

Былтыр 9 мыңға жуық адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды

pixabay.com

Бүгін, 14:00 58 Төлеуғазы Жансая

2024 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 8 950 адам қоныс аударды. Оның ішінде 3 000 қандас және 5 950 қоныс аударушы мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды. Қоныстандыру өңірлері арасында Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Абай, Ұлытау және Қарағанды облыстары бар, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қандастар Моңғолия, Өзбекстан, Қытай, Ресей және басқа елдерден көшіп келді. Еңбекке қабілетті 4 279 адамның 2 721-і тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 207 адам кәсіпкерлікпен айналысуда, 25 адам бизнес ашу үшін грант алды. Қоныс аударушылар денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру, өнеркәсіп сияқты салаларда жұмысқа орналасты.

Қоныс аударушыларға көшуге арналған бір реттік субсидия, тұрғын үй жалдау және коммуналдық қызметтерге ай сайынғы субсидия, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу, экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру сияқты мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.

Сонымен қатар, өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір қызметкер үшін жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі. Бұл шаралар еліміздегі жұмыс күші теңгерімін реттеуге және экономикалық әлеуетті арттыруға ықпал етеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу