Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Қазақстанның әйелдер хоккей құрамасы Харбинде өткен IX қысқы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Олар шешуші матчта Оңтүстік Кореяны 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл - Қазақстан әйелдер құрамасының Азия ойындарындағы 7-ші жүлдесі (3 алтын, 3 қола) және алғашқы күміс медалі.
Айта кетейік, 2003 жылғы қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны 19:0 есебімен жеңіп, тарихындағы ең ірі жеңісіне жеткен еді.
Оқи отырыңыз
Қазақстан әйелдер құрамасы IX Қысқы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болдыҚазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістеріХарбиндегі IX қысқы Азия ойындарында ел туын ұстайтын спортшылар белгілі болдыҚазақстан құрамасы Азия ойындарында керлингтен жеңіске жеттіФристайл-акробатикадан Ұлттық құрама тарихи алтын медаль жеңіп алды